+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

САХНА ӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

2018 жылдың 20 желтоқсан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында мәдениет пен өнер саласының майталманы Еркінбек Шымырқұловтың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кездесу кеші өтті.
Шығармашылық кеш жазушы-журналист, "Отырар" қалалық кітапханасының директоры К.Айдарбекованың құттықтау сөзінен басталды. Шараны театр режиссері, драматург Сая Қасымбек жүргізді.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері актер, драматист М.Ілиасқар, ҚР мәдениет қайраткері М.Шакиров, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қ.Рахымбердиева, ҚР мәдениет қайраткері, театр әртісі А. Жұмабекова кеш иесінің өмірі мен таланты жайында пікірлерін білдіріп, тілектерін арнады. Сондай-ақ, Өмірбек Шымырқұлов ҚР Балалардың құқығын қорғау "Қазына қоғамдық бірлесітігі атынан "Балалардың құқығын қорғау мен біліміне, тәрбиесіне, өнері мен мәдениетіне сіңірген ерен еңбегі, жомарттығы мен қайырымдылығы үшін" "Қазына" төс белгісі медалімен марапатталды.