+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Жиде ағашы"

2018 жылдың 24 желтоқсан күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, балалар жазушысы, "Елші түлкі", "Он екі қарындаш", "Қасқыр, түлкі және әтеш", "Әнші әтеш" атты кітаптарының авторы Қожагелді Исаевтің "Жиде ағашы" кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға "Ақерке" балалар залының тұрақты оқырмандары, тілі балдай бүлдіршіндер қатысып, жазушының кітабынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар, Назира Жұмабекқызы жетешілік етіп отырған домбыра үйірмесінің балалары "Келіншек" және "Серпер" күйлерін орындады.