ҚР ТҰҢҒЫШ КІТАПХАНА САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ!
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының тұңғыш рет республика бойынша ұйымдастырған байқауының қорытындысы бойынша "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, жазушы, журналист, "Құрмет" орденінің иегері Күлия Смайылханқызы "Ең үздік кітапхана басшысы" номинациясына ие болды. Сондай-ақ, жоғары дәрежелі кітапханашы, кітапханадағы құжаттарды өңдеу, каталогтарды ұйымдастыру секторының басшысы Гаухар Медеуова "Ең үздік кітапханашы" номинациясына қол жеткізді. Бұл жеткен жетістіктер үшін кітапхана ұжымының қуанышында шек жоқ. Алған марапаттарыңыз құтты болсын!