+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ел батырлары – ұлттың рухы: таным мен тағылым»

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде қазақ елінің бостандығы жолында күрескен тарихи тұлғалардың бірі Қарасай батырдың туылғанына 420 жыл толуына орай «Ел батырлары – ұлттың рухы: таным мен тағылым» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті.Аталмыш іс -шараға «Отырар» қалалық ғылыми – әмбебап кітапханасы Жетісу жерінде жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған Қарасай батырдың ғұмыры мен елі үшін жасаған ерліктері жайында кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды.