+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Парасат падишасы»

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2018 жылдың 6 желтоқсан күні «Бір өлке – бір кітап» акциясы аясында жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтың «Бесін» шығармасын насихаттау мақсатында «Парасат падишасы» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің кітапханашысы мен студенттері, №130 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тасходжаева Оңласын мен оқушылары, №77 мектеп-лицей оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында жас ұрпақтың ішкі тазалығы мен рухани байлығын дамыту мақсатында Асқар Сүлейменовтың нақыл сөздері мен шығармалары талқыланды.