+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ТҰЛҒА»

2018 жылғы 30 қараша күні «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Елбасы залында «Әлем таныған тұлға» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әлия Богданқызыжиылған зиялы қауымды мерейлі мерекемен құттықтап, «Отырар» кітапханасындағы Елбасы залының Нұрсұлтан Әбішұлы еңбектерін насихаттаудағы маңызын айтып өтті.

Кітапхана фойесінде Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының робототехника көрмесі, танымал фотосуретші Қайсар Шерімнің «Елбасы бейнесі» көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Шараға Шымкент қаласының әкімдігі, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы, зиялы қауым, оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты.
Кітапхананың жас бүлдіршін оқырмандары – кішкентай Нұрсұлтандар Нұрсұлтан атасына өлең жолдаса, жастар Елбасына деген лебізді арнауларын жырлады. Театр саңлақтары Елбасының сүйікті авторларын бейнелеп, Абай жырларын, А.П.Чеховтың монологын және Шекспир пьесаларын оқыды. Кітапхана қызметкерлері Елбасының қанатты сөздерінен әдеби композиция орындады.
Шара соңына қарай жазушы, журналист, «Отырар» қалалық кітапханасының директоры Күлия Айдарбекова қорытынды сөз алып, барша жиылған қауымды мерекемен құттықтады.