+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Абай ілімі - рухани жаңғырудың кілті»

2018 жылғы 30 қараша күні А.Назарбеков атындағы № 87 жалпы орта мектепте «Абай ілімі - рухани жаңғырудың кілті» тақырыбында тілдер бірлестіктерінің апталығы өтуде. Аталмыш іс-шараға «Отырар» қалалық ғылыми – әмбебап кітапханасы «Әлем таныған Абай» тақырыбындағы кітап көрмесін ұсынды. Кітап көрмесі оқушылар мен ұстаздарды ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың қазақ,орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінде жарық көрген шығармаларымен таныстырды.