2018 жылғы 29 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасы аясында патриоттық кеш өтті. Кешке №90 жалпы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысып, тақырып аясында жалынды жырларын оқып, ойларымен бөлісті. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бөлім басшысы А.Оралова «Туған жер» бағдарламасының негізгі бағыттары мен мақсаты жайында баяндады.
Шараны кітапханашы Г.Қайықбаева жүргізе отырып, жастарға отансүйгіштік тәрбие берудегі бұл бағдарламаның маңызына тоқталды.
Шара соңында бөлім қызметкері Ж.Көшерова белсенділік танытқан оқушыларға кітап сыйға беріп, Шымкент шаһарының тарихи орындары туралы ақпараттар берді.