+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Отырар» кітапханасындағы әсерлі кеш

2018 жылғы 28 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Гүлнәр Өмірбектің «Сүмбіле қыздың сырғасы» атты поэтикалық кеші өтті.

Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат жыр сүйер қауымға ақын, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Гүлнәр Өмірбектің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақынның сезім құбылыстарынан, жүрек бұлқыныстарынан шыққан жырларын көпшілікке жеткізу, насихаттау.
Кеш барысында, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы слайд арқылы таныстырылды, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханашылары «Ғашық әлем», «Желкілдеген жас едім», «Өмір - сағым», «Весна души», «Поздняя любовь» өлеңдерін оқып, көрермен көңілін серпілтіп отырды.
Кешке ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, Қ.Кемелұлы атындағы шығармашылық бірлестіктің төрағасы, Созақ ауданының Құрметті азаматы Мыңжасар Асқаров, ақын, түркітанушы Сәрсен Бек Сахабат, ақын Нармахан Бегалы, жас ақын Мұқағали Кенжетайұлы, Созақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Шекербек Ошақапов, Созақ аудандық тілдерді дамыту орталығының директоры Гүлдана Биғондиева, Жанысбек Өтеген, Оралхан Қожамжаров қатысып, кеш иесі Гүлнәр Есіркепқызының адамгершілік, ақындық болмысы туралы пікірлерін жеткізді. «Отырар» кітапханасының ғалым-хатшысы Зылиха Жантасова ақын өлеңдеріне талдау жасады.
Әсерлі кешті Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург Сая Қасымбек жүргізіп отырды.
Сондай-ақ, көпшілік назарына ақынның өмір жолы мен жетістіктері жайлы кітап көрмесі ұсынылды. Кеш соңында ақын Гүлнәр Есіркепқызы кітапхана ұжымына ыстық ілтипатын білдіріп, алғысын жеткізді.