+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«КӨНЕ ТАРИХЫМЫЗ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ»

2018 жылғы 27 қазан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Ақпараттық-библиография бөлімінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен Шымкент қалалық №4 колледжінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай «Көне тарихымыз – асыл қазынамыз» тақырыбында «Мамандар күні» өтті.
Шара мақсаты – жастар арасында Елбасының мақаласын насихаттау арқылы ұлттық сананың рухын көтеру.
Қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі, қазақ тілі мен оның мәртебесі, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етер әдебиетттерге библиографиялық шолу жасалды.
Ұлттық тарихтың мәртебесін көтеру мақсатында өткен шараға оқытушылар мен жоғары курс студенттері қатысты.