«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»
2018 жылғы 22 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Елбасы залында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай талқылау өтті.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, облыстық «Кәсіподақтар орталығының басшылары мен қызметкерлері, мәдениет жанашырлары, тарихшылар, тіл мамандары, оқытушылар, кітапханашылар мен жастар, БАҚ қатысты.
Жиында алғаш болып сөз алған ғалым Мекемтас Мырзахметұлы Елбасының бұл баяндамасының ұлттық сананың оянуы мен тереңде жатан тарихымызды түгендеп, өткенімізді жаңғыртып, өшкенімізді қайта жаңғырту жолына серпін берді деп пікірін білдірді. Басқосуда модератор міндетін атқара отырған Түркістан облысы өңірлік кәсіподақтар орталығының директоры Берік Айдарбекұлы Бекжанов Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласына жалпылама шолу жасап өтті.
Жазушы-журналист, «Отырар» қалалық кітапханасының директоры Күлия Айдарбекова өз сөзінде жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға жол ашар бұл мақаланың қазақ халқы үшін маңыздылығына тоқталды.
Жиында басқа да пікір білдірушілер Елбасының мақаласында көтерілген мәселелер бойынша өзіндік пікірлері мен ойларын ортаға салып, жобаны жүзеге асыруда жұмыла еңбек ететіндеріне сенім білдірді.