«Ризашылық»
Біздің күнтізбемізге соңғы жылдары ғана енген Алғыс айту күнінің әлем елдеріндегі тойлану тарихы тым тереңде әрі тойлану сипаты да әрқалай.
Әр халық бұл мерекені әр мезгілде атап өткенмен, барлығының түп негізінде адамдардың бір-біріне деген құрметі, ризалық сезімі жатыр.
Осыған орай, 2018 жылғы 20 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Шет тілі әдебиеттері бөлімінде солтүстік американдық мерекелердің бірі – «Ризашылық» күніне орай оқырмандар назарына кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Аталмыш мереке Канадада қазан айының екінші дүйсенбісінде, ал АҚШ-та қараша айының төртінші бейсенбісі күні аталып өтіліп, Жаңа жылға дейін жалғасын табады.