«Туған жер – алтын бесігім»
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырумен ақын, жазушы, қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен кездесу кеші өтті.
Аудан әкімі А.Мамытбеков туған жерін сағынышпен жырға қосқан ақын Ә. Ысқақтың шығармашылық өмірбаянына арнайы тоқталып, туған жерінің ерекше ілтипат жеткізді.
Кешке қатысқан қаламгерлер, журналистер жазушы Әкім Ысқақтың мемлекеттік қызметтегі әдебін, өмірдегі азаматтық болмысын, жазушылық ізденісін, өмірлік қағидаларын ақжарма тілектермен жалғады.
Кешті Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Құрманәлі Жылқыбай жүргізді. Ақын Әкім Ысқақтың жырлары мен әндері орындалып, шәкірттері арнау жырларын оқыды.