2018 жылғы 15 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Айжамал Ибрагимқызы Құдайбергенова келіп, 2017 жылғы сәуір айындағы Елбасының тікелей тапсырмасымен ғылыми түрде «Қазақстан халқы» атты интерактивті тарихи карта жайында баяндама жасады.
Карта негізгі үш бөлімнен тұрады: 1) Интерактивті тарихи карта; 2) Қазақстан халқы; 3) Тәуелсіздік дәуірі.
Картаның мақсаты – еліміздің ұлтаралық қатынастарын нығайту, бірлікті күшейту.