+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қонақта

2018 жылғы 15 қараша күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қонақта болып, білім мен мәдениеттің орталығына айналған кітапханадағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов пен Құттыбек Жамашев кітапхана басшысы Күлия Смайылханқызына кітапхана ісін дамытудағы еңбегіне сәттілік тілеп, руханият саласында келешекте атқарылар ауқымды жұмыстар жөнінде ой өрбітіп, кітапхана оқырмандары көбейе берсін деген ізгі тілектерін білдірді.