+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ЖАУЛЫҒЫМНЫҢ ҰШЫНА ЖҰПАР ТҮЙДІМ"

2018 жылғы 14 қараша күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қазақ халқының беделді ақындарының бірі Әселхан Әлішерқызы Қалыбековамен "Жаулығымның ұшына жұпар түйдім" тақырыбында кездесу кеші өтті.
Кеште зиялы қауым өкілдерінен Бекет Тұрғараев, Мархабат Байғұт, Нармахан Бегалыұлы, Баян Тіленшина, Сәрсен-Бек Сахабат, "Отырар" ауданының әкімі Е.Айтаханов, сондай-ақ Әселхан апамыздың шәкірттері Маржан Бекжанқызы, Анар Жаппарқұлова құттықтаулары мен естеліктерін арнап, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды.
Шараны кітапхана директоры, жазушы-журналист К.Айдарбекова әсерлі жүргізіп отырды.