2018 жылғы 14 қарашада «Отырар» қалалық кітапханасында «Қазақстан жастары – 2018» ұлттық баяндамасының тұсаукесері өтті. Аталмыш жоба жастар мен мемлекеттік жастар саясаты ахуалының талдауына арналған. Тұсаукесерге мемлекеттік органдар, республикалық жастар ұйымдары, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар саясаты саласының сарапшылары мен мамандары қатысты.