2018 жылғы 13 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қоғам қайраткері, жазушы, кемел ақыл иесі Мырзагелді Кемелмен кездесу кеші өтті.
Кешке зиялы қауым, мәдениет қызметкерлері, БАҚ, кітапханашылар, жастар, сондай-ақ Кемел ағаның шығармашылығына қызығушы оқырман қауым қатысты.
Оқырман қауым жазушы Мырзагелді Кемелдің ой саларлық өнегелі сөздерінен, даналыққа толы ойларымен бөлісіп, сауалдарын қойды.