2018 жылғы 8 қараша Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері, журналист, жазушы, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекованың «Әкеге құрмет» атты прозалық кітабының тұсаукесер рәсімі өтуде.
Жазушы-журналист Күлия Айдарбекованың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме жасақталған. Көрмеге жазушының авторлығындағы кітаптар мен Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы басшысы қызметін атқарып жүрген жылдардағы Күлия Айдарбекованың бастамасымен шығарылған туындылар қойылған.