+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне – 25 жыл

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының көпшілік іс-шаралар секторы қаламыздағы №6506 әскери бөлімінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбында мерекелік кеш өткізді. Бұл шарада Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің, ҚИПХДУ-нің студент жастары және «Өнер» мектебінің оқушылары ерекше белсенділігін көрсетті. Төлеп Дина «Туған жер» әнін айтса, «Менің елім» әдеби композициясын Құлбай Аружан, Сұлтанова Диана тебірене оқыды. Ал, Үміт Ағыбаева «Қазағымсың» әнін орындап көпшіліктің көзайымына айналды. Кешті қорытындылаған «Алға, Қазақстан» әнін Мәди Рахымбертай орындады. Сондай-ақ, аталмыш әскери бөлімінің әлеуметтік құқықтар жұмысы жөніндегі бөлімше басшысы, подполковник Шегебаев Нұрлан Жұмабайұлы осы мерекелік шараны ұйымдастырған кітапханаға өз алғысын білдірді. Абонемент секторы кеңейтілген кітап көрмесін жасады.