+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Логотерапия немесе өмірге құштарлық»

2018 жылғы 4 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының коворкинг орталығында «Мәнді мекен» клубы өзінің кезекті отырысын өткізді. Бүгінгі отырыста клуб мүшелері «Логотерапия немесе өмірге құштарлық» атты кітапты талқылады. Кітаптың авторы В. Франкл, қазақ тіліне аударған Санжар Керімбай. Логотерапия – мәнмен емдеу, сана-сезімді, ойды тазарту, емдеу деген мағына береді. Кітап өмірдің мән-мағынасына, тіршіліктің түпкі себептеріне үңілген қарапайым оқырманға арналған.
Іс-шара барысында «Сен не үшін өмір сүресің?», «Сені өмірге құштар етіп, тіршілікке қызықтырып тұрған не нәрсе?» және тағы да басқа сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғалды, жастар өмір жайында, жақсы өмір сүру жайында өз ойларымен бөлісті.