+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

КОРЕЯ ЕЛІНДЕГІ ОҚУ

2018 жылғы 26 қазан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Мәжіліс залында Ұлттық Халықаралық білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Корея еліндегі оқу» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Кітапхана директоры К.Айдарбекова Корей елі мен қазақ елінің арасындағы мәдени ұқсастық пен сабақтастықтың тарихи астарын айта келе, жиылған жастарды сапалы да терең білім алуға шақырды.
Корей мемлекеттік университетінің үздік түлегі Елдос Қырғызбай өз тәжірибесінен шетелде білім алудың ерекшеліктерін тарқата айтты.
Жиын барысында профессор Ан Джонгын Корей еліндегі білім беру жүйесі мен жоғары оқу орындарының артықшылықтарына тоқталып, Кенбок университеті жайында баяндады.
Корей елінде білім алуға қызығушылық танытқан студенттер профессор Анға сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Ұлттық халықаралық білім беру орталығының ұйымдастырушылары кітапхана әкімшілігі мен кездесу кешіне қатысқан жастарға алғыстарын білдірді.