+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

МАҒЖАННЫҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ

2018 жылғы 2 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай «Мағжанның ақындық әлемі» атты айдармен танымдық сағат өтті. Танымдық сағатқа М.Әуезов атындағы университеттің оқытушылары мен студенттері, Шымкент мамандандырылған колледжінің жастары қатысып, Мағжанның шығармашылығынан өлең-жырлар оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында сұрақ-жауап орын алып, білімді де алғыр жастар марапатталды.