+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ

2018 жылғы 30 қазан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы және «Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» бірлесе жасөспірімдер арасында облыстық «Фараби оқулары» байқауын өткізді. Байқауда үміткерлер үш кезең бойынша сыналды (Оқу шеберлігін айқындау; Әбу Насыр әл-Фараби мұраларын (білім, ғылым, өнер, ізгілік, әдебиет, философия, музыка тақырыптарындағы трактаттарын) жатқа мәнерлеп оқу; Білімін айқындау: Әбу Нәсір әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру (билет бойынша); Әл-Фарабидің бір еңбегіне тоқталу: Ол туралы зерделеп, мазмұнын жеткізу.

Байқау нәтижесінде І орын иегері Отырар ауданынан Совет Аяулым, ІІ орынды Жетісай ауданынан Бағдат Көпжасаров, ІІІ орынды Сайрам ауданынан Алихан Сейдулла иеленсе, Бас жүлде Ордабасы ауданынан қатысушы Пран Салтанат Сейфоллақызына бұйырды. Басқа да байқауға қатысушылар және олардың жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды.

Байқауда өлкетанушы, әдебиеттанушы, этнограф Абдулла Жұмашев, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, К.Айдарбекова, «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» мекемесі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Серік Ақылбек Шаймерденұлы, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми хатшысы З.Жантасова әділ қазылық етті.

Шараны «Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын» бөлімнің меңгерушісі А.Оралова жүргізді.