+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Жамбыл облысының ардагерлері «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қонақта

2018 жылғы 30 қазан күні Жамбыл облысының ардагерлері «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қонақта болып, білім мен мәдениеттің орталығына айналып отырған қасиетті ордаға деген оң көзқарастарын танытты.
Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдері кітапхана басшысы Күлия Смайылханқызына ризашылықтарын білдіріп, мәдениет саласын дамытудағы еңбегіне шабыт тіледі. Сондай-ақ, кітап сүйер қауымның сүйікті мекені -"Отырар" кітапханасының оқырмандары көбейе берсін деген ізгі тілектерін жаудырды.