+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ТАЛБЕСІГІ - БАЛДЫРҒАН

«Балдырған» журналы үшін биылғы жыл ерекше жыл болып отыр. 1958 жылдың шілдесінде алғашқы саны жарық көрген «Балдырғанға» биыл 60 жыл.
Осыған орай, 2018 жылғы 27 қазан күні «Отырар» қалалық кітапханасында «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесінің талбесігі - Балдырған» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шара N80 мектеп-лицейінің директор орынбасары Р.Темірәлиеваның алғы сөзінен басталды.
«Ақерке» балалар залының кітапханашысы С.Кеншинбекова «Балдырған» журналының тарихы жайында баяндап, балаларды журналдың тұрақты оқырманы болуға шақырды.
№80 мектеп-лицейінің мұғалімі Үміт Жайсанқызы тақырып аясында сөз сөйлеп, балалар әдебиетіндегі «Балдырған» журналының маңызына тоқталды.
Шараға қатысқан қалалық №80 мектеп-лицейі және №130 жалпы орта мектебінің оқушылары «Балдырған» журналының әр сандарынан өлең жолдарын оқып, патриоттық ән айтып, би биледі.