+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Кітапханалық туризм»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағыттарын іске асыру аясында және «Кітапханалық туризм» жобасы шеңберінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, зиялы қауым өкілдері - ҚР Мәдениет қайраткері, Д.Қонаев атындағы халықаралық Еуразия академиясының профессоры, Қонаевтанушы Ораз Қауғабай, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының мүше-корреспонденті, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Бақытжан Тобаяқов және Ұлттық академиялық кітапхананың бір топ қызметкерлері арнайы экскурсияға келіп, кітапхананың жұмысымен және Коворкинг орталығымен танысты.
Қонақтар «Отырар» кітапханасында жергілікті қаламгерлермен және кітапханашылармен кездесті.