ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова "Отырар" қалалық кітапханасында
2018 жылғы 18 қазан күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова келіп, кітапхананың жұмысымен және цифрландыру мәселелерімен, РАБИС бағдарламасы мен электронды каталогтармен, QR-код технологиясымен танысты.
Сонымен қатар, әр бөлімді аралап, ішкі жұмыстарға тамсанған вице-министр кітапхананың алдағы күндеріне үлкен белестерді бағындыруына тілектес екендігін айтты.