+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

НАРМАХАН - ПОЭЗИЯНЫҢ СҮГІРІ

Қазақы өлеңді өмірінің мәні еткен көрнекті ақын, Константин Симонов атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалыұлы биыл 75 жасқа толып отыр. Осыған орай бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақынның өмірі мен шығармашылық жолына арналған «Нармахан - поэзияның Сүгірі» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Жүздесуге қаламгердің әріптестері мен шығармашылық қауым қатысты. Шарада әріптестері мен замандастарының арасында Нарқасқа атанған атпал азаматтың атқарған еңбегі мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі жайында ой-пікірлер айтылды. Сондай-ақ, Нармахан ағаның ақындығына тәнті болған оқырман қауым құттықтаулары мен жүрекжарды лебіздерін арнады.