2018 жылдың 12 қазан күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына «Мирас» республикалық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтыбек Смағұл келіп, кітапхананың жұмысымен және цифрландыру мәселелерімен, РАБИС бағдарламасы мен электронды каталогтармен, QR-код технологиясымен танысты. Cондай-ақ, КазНЭБ туралы онлайн ақпарат берілді.
Сонымен қатар, кітапханаға ат басын бұрған қонақтар Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жұмыс жүргізіп отырған орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, өз ойларымен бөлісті.
Кітапхананың атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толған халық қалаулылары кітапхана ісіне оң бағасын берді.