+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ПАРАСАТ ПАДИШАСЫ»

2018 жылғы 11 қазан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында облыстық «Бір ел-бір өлке» акциясы бойынша таңдалған жазушы Асқар Сүлейменовтің «Бесін» романы бойынша «Парасат падишасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы кітапханамыздың директоры, жазушы,журналист Күлия Смайылханқызының алғысөзінен басталды. К.Айдарбекова келешекте А.Сүлейменовтың шығармашылығына арналған игі іс-шара әлі де жалғасын табатындығын жеткізді.
Ақын Сәрсенбек Сахабат «Қаратау қаламгерлік қазынасы» атты зерттеуіндегі Асқар Сүлейменов шығармашылығына жан-жақты тоқталды.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақжол Батырұлы «Асқар Сүлейменов шығармашылығындағы рухани-көркемдік ізденістер» мәселесін кең қамтыды. Созақ ауданындағы А.Сүлейменов атындағы мектеп директоры Бақыт Бейсенұлы бастаған ұжым да шараға қатысып, жазушының өмірінен естеліктер айтып, бүгінгі таңдағы мектептің даму жоспары жайында ақпарат берді.
Дөңгелек үстелді кітапхананың ғылыми хатшысы З.Жантасова жүргізіп отырды.
М.Әуезов атындағы «Педагогика және мәдениет» факультетінің студенттері дәстүрлі ән орындап, күй шертті.