+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Өнер – достықтың алтын көпірі"

2018 жылдың 2 қазан күні Шымкент қаласы және тілдерді дамыту басқармасының "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен "Өнер – достықтың алтын көпірі" тақырыбында мамандар күні өткізілді.
Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.
Іс-шара барысында ғажайып талант иелерінің өмірі мен шығармалары насихатталып, өнер майталмандары мен ұлы тұлғалар туралы кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан өнер мектебінің оқушысы Мұстафаев Арсен "Мен қазақпын" әнін орындаса, Қосымбаев Едіге "Ас-саламу алейкум" әнін көпшілікке шырқады.