+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ЗАМАНАУИ КІТАПХАНА: ҮДЕРІСТЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР"

2018 жылғы 28 қыркүйек күні "Отырар" кітапханасында "Заманауи кітапхана: үдерістер мен инновациялар" тақырыбында Түркістан облысы кітапханашыларының семинары өтті.
Семинар жұмысы кітапхана директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекованың кіріспе сөзінен басталды. К.Айдарбекова кітапхана саласының әлемдік тәжірибесі, отандық кітапхана ісінің бүгіні мен келешегі жайында ой қозғады, қоғамда кітапханашылардың мәртебесін көтерудегі өзіндік ұсыныстарын баяндады.
Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Таукебаева мен Сайрам аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Ш.Жолдасбекова "Кітапхананы дамытудағы әлемдік идеялар: ИФЛА тәжірибесінен" тақырыбы аясында баяндама жасап, Малайзия және Сингапур елдеріндегі кітапханалардың даму үрдісі мен заманауи техникалық базасы туралы мағлұматтар берді.
11-12 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен ІІІ Халықаралық оқу конгресінің нәтижелері жайында "Өнер бойынша әдебиттер" бөлімінің басшысы М.Байжанова баяндама оқыды. А.С.Пушкин атындағы кітапхана директоры Ш.Динасилова, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық кітапхананың "Ақпараттық-библиография" бөлімінің басшысы Ф.Ахлиукова сөз алып, ойларын ортаға салды.
Директор К.Айдарбекова ұжымдағы кітапхана ісіне еңбегі сіңген ардагер кітапханашыларды "Ғылыми-зерттеу" бөлімінің басшысы Жәмиля Қожанқызы, Ақпараттық-библиография бөлімінің кітапханашысы Айлыгүл Калиоллақызы, "Құжаттарды өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру" бөлімінің басшысы Гаухар Шерімқызын төсбелгімен марапаттады. Кітапхана саласында еңбегі сіңген Жамиля Қожанқызын зейнет жасымен құттықтап, ізгі тілектерін арнап, алғыс білдірді.
Шара соңында директор К.Айдарбекова аудандық кітапханалар ұжымдарына "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесіп өзара ынтымақтастықта абыройлы қызмет атқарғандары және рухани байлықты арттыру жолындағы адал еңбектері үшін алғыс хаттар табыстады.