+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қой жүні және одан жасалынатын бұйымдар»

2018 жылдың 27 қыркүйек күні «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының «Өнер бойынша әдебиеттер» бөлімінде «Қой жүні және одан жасалынатын бұйымдар» тақырыбында кезекті шеберлік сыныбы өтті.
Қолөнерге арналған сабаққа №80 мектеп-лицейінің мұғалімдері М.Тастанова, З.Казмамбетова, Р.Жаримбетова өз шәкірттерімен қатысты.
Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің технологиясын меңгеріп, түрлі бұйымдар жасап шығару халықтың мәдени өмірінде айтарлықтай орын алған.
Сабаққа қатысушы өнерпаз оқушылар жүннен жасалған картиналар түзіп, қазақтың қолданбалы қолөнері жайлы ақпараттармен алмасты.