+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЯҚБАЕВ»

«ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЯҚБАЕВ»

2018 жылғы 26 қыркүйек күні «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы-журналист Жұмамұрат Тұяқбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Тұғыры биік Тұяқбаев» атты еске алу кеші өтті.
Жас журналистердің танылуына үлкен мән берген дарын иесін еске алу кешіне жазушының жұбайы Сайгана Мәдет, қызы Сәуле Жұмамұратқызы, туыстары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан, журналисттер, жастар, жалпы оқырман қауым қатысты.
Кешке жиылған қауым жазушының өмірі мен шығармашылығы, кейінгі ұрпаққа қалдырған тәрбиесі, ақылы, өнегесі жайында жан-жақты сөз етті.
Жазушы-журналист, Мәдениет қайраткері, «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекова Тұяқбаевтың шығармашылығы мен бойындағы ерекше дарынын саралай келе, жас журналист мамандарға Тұяқбаевтың тұлғасын өнеге ету қоғамның рухани дамуына серпін беретіндігін айтты.
Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов кешке жүрекжарды арнауын тарту етті.