+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ШЫРАЙЛЫ ОҢТҮСТІГІМ"

2018 жылғы 20 қыркүйек күні Шымкент аграрлық колледжінде "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының "Ақпараттық-библиография" бөлімінің ұйымдастыруымен "Шырайлы Оңтүстігім" тақырыбында библиография күні өткізілді. Тақырып аясында кітап көрмесі жасалды. Шараға аталмыш оқу орнының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Р.Айтқұл, кітапханашылар А.Құрманбаева, З.Аристанова және студент жастар қатысты. Библиография күнінде оңтүстік өңірдің тарихы, әдебиеті мен мәдени өмірі, бүгінгі күндегі даму қарқыны жайында баяндалып, пікір алмасу орын алды. Шара соңына қарай жастар өнерлерін ортаға салып, шырайлы қала туралы ән-жырларын ұсынып, көпшіліктің қошеметіне ие болды.