«Отбасы – тіршіліктің тірегі»
«Отбасылық оқу – ұлт болашағы» акциясы аясында «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» балалар залында «Отбасы – тіршіліктің тірегі» тақырыбында кітапхананың белсенді оқырман отбасы Байдабековтер әулетімен кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары Байдабековтер өздерінің сүйікті ақын-жазушылары Абайдан бастау алатын, Ілияс Есенберлин, Оралхан Бөкей, Фариза Оңғарсынова т.б. ақын жазушылардың шығармалары жайлы әңгіме қозғай отырып, олардың шығармаларынан алатын үлгі өнеге жайлы, сондай-ақ, отбасылық құндылықтар, отбасылық тәрбие жайлы әңгіме қозғады.