2018 жылғы 24 қыркүйек күні «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасына «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының мүшелері ат басын бұрып, ғылыми жобаның мақсаты, міндеттері мен нәтижелері жайында баяндады. Аталмыш экспедиция Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бурабайдағы Абылай хан алаңынан басталған.
Басқосуда экспедиция мүшелері жоба жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлы, өлкетанушы Ғ.Табылдин,т.ғ.к. Қ.Еңсенов, п.ғ.к. Ж.Қалиев қысқаша баяндама жасап, Шымкент қаласының мегаполис мәртебесіне ие болуымен көпшілікті құттықтады. Кітапхана директорының орынбасары Г.Алпысбаева "Шымкент қаласының киелі орындары" жайында ақпараттық баяндама жасады.
Жоба жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлы кітапхана қорына «Жер жаннаты Ақмола» фотоальбомы мен «Қазақ хандарының шежіресі» картасын директор Күлия Смайылханқызына тарту етті.
Шарада Шымкент қалалық ардагерлерінің төрағасы Р.Исамудин модератор міндетін атқарды.