"Шын жүректен! Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты"
Шымкент қаласындағы "Отырар кітапханасы" мен Созақ ауданының бірлесе ұйымдастыруымен Созақ ауданының 90 жылдығы және Созақ аудандық орталық кітапханасының 75 жылдығына орай "Шын жүректен! Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты" атты облыстық кітапханашылар байқауы өтті.
Байқау үш бөлімнен (1:Туылған күніңмен кітапхана! (өзін-өзі таныстыру); 2) Үздік жазушылардың шығармаларынан үзінді оқу; 3) "Өнерлі болу міндетім") тұрған байқауда 14 кітапханашы өнер көрсетті.
Төрелік еткен әділ қазылардың шешімі бойынша Бас жүлдеге Кентау қаласы, І орынға Қазығұрт ауданы, ІІ орынға Отырар ауданы, ІІІ орынға Түркістан қаласы мен Бәйдібек ауданы лайық деп танылып, арнайы сыйлықтар мен Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Сөнбейтұғын рухани азық беруші кітап ордасын және сырлы Созақ елін мерейлі мерекесімен құттықтаймыз!
Оқырман саны арта берсін!