+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Абай мұрасы – халық ұлағаты»

2018 жылғы 20 қыркүйек күні «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында Ұлы ақын, ойшыл, кемеңгер Абай Құнанбаевтың 173 жылдығына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Кешке қатысқан Шымкент университеті және М.Өтебаев атындағы Жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттері мен оқытушылары ұлы ақынның шығармаларынан үзінділер оқып, Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты. Кешке «Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасы аясында арнайы мүмкіндігі шектеулі бір топ қонақтар шақырылды. Кеш соңынан дастархан басында Абай мұрасы жайлы ой-пікірлер өз жалғасын тапты.