+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Жыр арнаймын туған жер»

2018 жылдың 19 қыркүйек күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өлкетанушы, Еңбек ардагері Мәдіхан Омарұлымен «Жыр арнаймын туған жер» атты кездесу кеші өтті.
Іс-шараға жазушы-драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Е.Тұрысов, ақын Қ.Төретай және кеш иесінің демеушілері «Ордабасы құс» АО-ның директоры М.Тағаев және Оңтүстік Қазақстан облысының Д.Қонаев атындағы қордың төрағасы А.Әлсейіт, сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері, студенттер және мектеп оқушылары қатысты. Кешті «Аталар сөзі» газетінің бас редакторы Е.Пернеев жүргізді.
Кеш барысында әуесқой композитор Б.Мұсабеков, Төрткүл ауылы «Көкарал» жалпы орта мектебінің директоры Ү.Биданұлы кеш иесінің туған жерге деген сүйіспеншілігін, туған жердің тарихы жайындағы зерттеулерін саралап, ұрпаққа өнеге етті.
Ж.Жамбылқызы «Төрткүлім – нұрлы өңірім» әнін орындаса, опера және балет театрының әншісі Ж.Мұсаева «Қаратау арулары» әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне ие болды.
М.Өтебаев атындағы колледж студенті А.Жайлаухан жыр шумақтарын оқыды.