+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Мырзатай Жолдасбеков «Отырар» облыстық кітапханасы қорына жеке коллекциясынан кітаптарды қолжазбасымен табыстады

Жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған «Әлем Айтматовты оқиды» тақырыбында дөңгелек үстелдің секциялық жұмысы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы Мырзатай Жолдасбековтың «Мемориалдық кітап коллекциясы» залында жалғасын тапты.
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков «Отырар» облыстық кітапханасы қорына жеке коллекциясынан кітаптарды қолжазбасымен кітапхана директоры Күлия Смайылханқызына табыстады.