+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті»

2018 жылғы 11-12 қыркүйек күндері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбындағы Халықаралық Оқу Конгресін ұйымдастырылып отыр. Конгресс барысында оқуды насихаттаудың әлемдік тәжірибесін талқылау, кітап және кітап мәдениетінің мәртебесін көтеру мәселелері сөз етілуде. Конгресс жұмысына кітапханалық ассоциациялар мен мекемелердің Халықаралық федерациясы (ИФЛА), Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы (БАЕ), Ресей кітапханалық қауымдастығы (РБА), Электронды кітапханалар және жаңа ақпараттық технологияларды жасақтаушылар мен пайдаланушылардың халықаралық қауымдастығы (ЭБНИТ), Түркітілдес елдердің Ұлттық кітапханаларының және туысқандық қоғамдастық қауымдастығы (ТюрКЮБир) өкілдері, халықаралық мәдени ұйымдар, қоғамдық және саяси қайраткерлер, ғалымдар, Ұлттық кітапханалардың басшылары, оқырмандар, кітапханашылар, оқытушылар және студенттер қатысты. Екі күнге жалғасатын конгресс жұмысына Мәдениет қайраткері, жазушы-журналист, кітапхана директоры К.Айдарбекова, «Өнер бойынша әдебиет» бөлімінің басшысы М.Байжанова конгресс жұмысына қатысуда.