Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Б.Сағынтаев 2017 жылғы 31 қазандағы "Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы" №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойған болатын. Айтулы мерекелердің арасында Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйек болып бекітілді.
Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік себебі бар.
Бұл күн – "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Аталған мереке аясында "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы мемлекеттік қызметшілер арасында "Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте" қалалық байқауын өткізді.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1) Сәлем – сөздің анасы;
2) Ресми сөз сөйлеу этикасы;
3) Өнертаным;
4) Терминдер әлемі;