+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Білім күнің - мерекең"

2018 жылғы 1 қыркүйек күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен Білім күніне орай "Білім күнің - мерекең" атты ашық есік күні өтті. №129 жалпы орта мектеп ұстазы Абдикадирова Афуза өз шәкірттерімен және оқушылардың ата-аналары қатысқан шарада заманауи қоғамдағы кітап оқудың маңызы, кітапқа деген жастар арасында қызығушылықты оятудың жолдары, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай кітап оқуы сынды өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар арасында пікір алмасулар орын алды.