"Тәуелсіздіктің тірегі – Ата заң!"
2018 жылдың 29 тамыз күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 30 тамыз – Конституция күніне орай "Тәуелсіздіктің тірегі – Ата заң!" атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізуі.
Аталмыш іс-шараға Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері Оспанова Айсұлу Тойшыбекқызы мен Абдугаппарова Гүлшахар Өтебайқызы қатысып, Ата заңымыз туралы өз ойларын айтты. Сонымен қатар, кітапхана оқырмандары Конституция туралы жыр-шумақтарын оқып, бүлдіршін Ақерке оқырманымыз домбырамен терме орындады. Және де арнайы айтулы мерекеге орай кітап көрмесі жасақталып, слайд шолу көпшілік назарына ұсынылды.