+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Тұрақсыз әлемнің суреткері"

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, сыншы Амангелді Кеңшілікұлының "Тұрақсыз әлемнің суреткері" кітабының "тұсаушешері" өтті. Сонымен қатар, әйгілі ақын, әкесі Кеңшілік Мырзабекұлының шығармалары туралы сын-мақалалар, естеліктер, эссе, арнау өлеңдер жинағынан тұратын "Қайран, Кеңшілік" атты кітабын кітапхана қоржынына тапсырды. Кездесу кешке Нармахан Бегалыұлы, Сәрсенбек Сахабат, Дәркен Танабаев, Сарманбай Исақ сынды қаламгерлер, ОҚМПУ ұстазы Раушан Кажиаппарова, жазушы Нұрғали Қадырбаев қатысты.