+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Ата Заңым – мақтанышым, қорғанышым"

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы бірлесе 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай бүлдіршіндерге Ата Заң жайлы ұғым-түсініктерін қалыптастыру, балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту мақсатында "Ата Заңым – мақтанышым, қорғанышым" атты танымдық сағатын өткізді. Іс-шара барысында "Рәміздер – ел беделі" слайд шолуы көрсетілді. Сондай-ақ, "Ақерке" балалар залының оқырмандары әдеби композициялар орындады.