«Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында 2018 жылғы 22-23 тамыз күндері Шымкент қаласында партия тарихында алғаш рет «Бастауыш партия ұйымдарының» аймақтық форумы өтті. Форумға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының орынбасарлары, 250-ге жуық партиялықтар қатысты. Осы орайда, форум жұмысына іс-сапармен келген «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына арнайы ат басын бұрып, "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясының "Кітапхана – Заманауи Білім орталығы" жобасы аясында ашылған "Коворкинг" орталығының жұмысымен танысты.