Мәлік Ғабдуллин мұраларының 11 томдық жинағы жарық көрді
Кеңес одағының батыры, ғалым Мәлік Ғабдуллин мұраларының 11 томдық жинағы жарық көріп, 2018 жылдың 15 тамыз күні М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында жинақтың тұсаукесер кеші өтті. Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөкейханқызы жүргізген аталмыш шараға Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин, «Қазақ ПЕН клубының» президенті Бигелді Ғабдуллин, қоғам қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің професоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек және Мәлік Ғабдуллиннің қызы Майдан Мәлікқызы бастаған жазушының туған туыстары, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, педагогтың шәкірттері, еліміздің басқа өңірлерінен, сонымен қатар "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары Арыстанова Асылзат қатысты.
Шара барысында 11 томдық жинақтың "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасына 20 жиынтығы берілді.